» » Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшты

Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшты

Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеу үшін «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшт.
Корабль ғарыш тасығыштан ажыратылды.
«Союз» бортында «Роскосмостың» ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаи бар. Зымыран Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) екі тәуліктік жүйе арқылы 19 желтоқсанда автоматты түрде түйіседі.
Антон Шкаплеров пен ХҒС-дағы Александр Мисуркин 2018 жылдың ақпанында ашық ғарышқа шығып, ғарышта 17 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Луч» спутниктік антенасының блогын ауыстырады. Содан кейін ХҒС-дағы ресейлік сегментте Жермен байланысатын өзіндік желі пайда болады. Ол Ресейдің жерүсті барлау пункттерінен тәуелсіз жұмыс істейді. Нәтижесінде, экипаж интернет пайдалана алады. Өйткені қазір ресейлік ғарышкерлер интернетті NASA-дан сұрап алып отыр.
18 желтоқсан 2017 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031