» » Елордаға Қызылордадан 300 тонна өнім жөнелтіледі

Елордаға Қызылордадан 300 тонна өнім жөнелтіледі

   19-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Аталған шара «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында, яғни Тұран даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысында болады. Жәрмеңке ашық алаңда карантиндік ережелерді сақтай отырып ұйымдастырылмақ.
Елордадағы атаулы шараға Сыр елінің өнімдері тиелген 25 жүк көлігі барады. Атап айтсақ: балық және балық өнімдер – 25 тонна, күріш – 146 тонна, қауын, қарбыз – 96 тонна, асқабақ – 28 тонна, көкөніс, жемістер – 18 тонна, сүт өнідері, шұбат, бал, тары, талқан – 10 тонна. Сондай-ақ Қызылорданың брендіне баланған балықты Арал мен Қазалы ауданындағы арнайы сервистік- дайындау орталықтары жеткізетін болады. Ал сүт өнімдерін, басқа да тез бұзылатын тауарларды апаруға рефрижератор автокөліктер даярланған.
14 қыркүйек 2020 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031