» » Елде жанармай тапшылығы жоқ – Бозымбаев

Елде жанармай тапшылығы жоқ – Бозымбаев

Мұнай өнімдерінің ішкі нарығы тұрақты жағдайда және жанар-жағармай тапшылығының фактілері орын алған жоқ. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдед.
«Ағымдағы жылдың 7 айында отын-энергетика саласы дамуының оң қарқыны жалғасуда. Мұнай және конденсат өндіру көлемі 53 млн тоннаны құрады. Яғни, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% аса өсім көрсетілуде. Оның ішінде, 3 ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 32 млн тоннаға жуық. Қашағанда 7,4 млн тонна, Теңізде 17,2 млн тонна, ал Қарашығанақта 7,3 млн тонна мұнай өндірілді. Мұнай экспорты 42,8 млн тонна көлемінде. Ол былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6% аса өсім көрсетіп отыр», - деді министр.
Бозымбаевтың айтуынша, мұнай өңдеу көлемі 9,2 млн тонна құрады және былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5% өсім көрсетті.
«Үш мұнай өңдеу зауыты 6,4 млн тонна көлемінде мұнай өнімдерін шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% жоғары болып отыр. Ішкі мұнай өнімдері нарығы тұрақты жағдайда және жанар-жағармай тапшылығының фактілері орын алған жоқ. Қазіргі таңда АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі үшін орташа бағасы 156 теңге, дизель отыны 182 теңге болып отыр. 13 тамыздағы жағдай бойынша ішкі нарыққа қажетті жанар-жағармай қалдықтарының шамамен 1 айлық көлемі сақталып отыр», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, бұл бензин бойынша 336 мың тонна және дизель отыны 246 мың тонна болып отыр.
«Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығына 394 мың тонна көлемінде дизель отыны жеткізілді. Энергетика министрлігі тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәйкес, дизель отынының қажеттілігі толық көлемде қанағаттандырылды», - деді Бозымбаев.
14 тамыз 2018 ж. 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031