Көлік жүржізуші жолда абай бол!

Жылдамдық жүргізушіге Қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді. Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі және (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады. Жүргізуші көлік басқару кезінде үнемі мұқият болып, жол үстіндегі қауіпті жағдайға, кедергілерге дайын болуға міндетті.
Осылайша, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Азамат Е. 12 тамыз 2020 жылы өзінің басқаруындағы автокөлігін Қызылорда – Жалағаш тас жолы бойымен басқарып келіп, жолдың бойымен қозғалыс жасап келген сиыр жануарын қағып, жол көлік оқиғасын жасап, жануар егесіне материалдық залал келтірген.
Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 38892 тенге әкімшілік айыппұл салынды.
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі