» » Жастар денсаулығы басты назарда

Жастар денсаулығы басты назарда

   ҚР Президенті бірнеше министрлік басшысын жастарға қамқорлық жасайтын қызметтерге қолдауды арттыруға міндеттенді. Бұл сондай-ақ 2019 жылдың қараша айында Найробиде өткен маңызды саммит кезінде расталды, Үкімет жаһандық аудиторияға Қазақстанның әр аймағындағы Жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) қаржыландыруды жалғастыруды міндеттеді.
Осы бағдарламаны енгізу үшін ЮНФПА ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, жастарға ыңғайлы қызмет көрсету жүйесін құруда. Бұл жұмыс елдегі Жастар денсаулық орталықтарын тұрақты дамыту стратегиясын әзірлеуді; ЖДО мамандарының жұмысын реттейтін бірқатар хаттамаларды; жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығының кең таралған мәселелерін шешу жолдарын, сондай-ақ психологиялық және заңгерлік кеңестерді реттейтін клиникалық хаттамалар пакеттерін қамтиды. Сонымен қатар Жастар денсаулық орталықтары білім мен озық тәжірибені басқа ұйымдарға беретін «ресурстық» институттарға айналдыру мақсатында орталықтарға қолдау көрсетіледі.
Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау мәселелерін кешенді шешу мақсатында 2015 жылы Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жастардың денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Облыстық жастардың денсаулық орталығы – бұл жасөспірім кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты денсаулықты сақтау проблемаларына қол жетімді, қайырымдылық, сенім принциптері бойынша кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсететін мекеме.
Бүгінде Жастар денсаулығы орталығы жастардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды рөл атқарады. Аталған орталық қызметіне 2015-2020 жылдары жүгінген жасөспірімдер мен жастардың саны 1,7 есеге өсті.
Жыл сайын жасөспірімдер мен жастар гинекологтан, уролог сынды орталық мамандарының кеңесіне жүгінеді.
Қазақстанда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау маңызды мәселелердің бірі. Ресми статистикаға сәйкес, Қызылорда облысында 2019 жылы қыздардың туу коэффициенті 15-17 жас аралығындағы әрбір 1000 қызға 3,2 құрады. 2017 жылы бұл коэффициент 15-17 жас аралығындағы 1000 қызға 4,3 құрды.
15-29 жас аралығындағы жастардың жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың жиілігі 2019 жылдың соңында 68 жағдайды құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 1,2% төмендеді (82).
Сонымен қатар жасөспірімдердің едәуір бөлігі ретсіз жыныстық қатынас тәжірибесіне алаңдамайды, өйткені жас ерлердің 40% -ында 3 немесе одан да көп серіктес болған. Ерлі-зайыптылардың шамамен 16% бедеулікке ұшырап отыр.
Қазақстан бүгінде жасөспірімдер арасында суицид деңгейі жоғары ел болып қала береді. 2019 жылы Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің 6 жағдайы тіркелді, оның 3-уі ауыл тұрғындар қатарынан. 2019 жылы 7 суицидтік әрекет тіркеліп отыр.
Социологиялық зерттеулердің көрсеткіштеріне сәйкес, Қазақстандағы 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бір бөлігі жыныстық белсенді, бірақ олардың 91%-ы АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті біліммен қамтамасыз етілмеген. 15-19 жастар аралығындағы жыныстық белсенді жастардың 14,8%-ы соңғы 12 айда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) белгілерінің кем дегенде біреуінің болғанын хабарлады. Алайда олардың көпшілігі (62,6%) медициналық мекемелерден медициналық көмекке жүгінбеген. Сонымен қатар 2011-2018 жылдар аралығында Қазақстанда АИТВ-на шалдыққандар санының 106%-ға өсуі тіркелді. АИТВ-ның 62%-ы жыныстық жолмен берілетіні белгілі.
Қазіргі жастардың жеткіншек кезеңнен қаншалықты жақсы өткені тек олардың өмірін ғана емес, бүкіл әлемнің болашағын айқындайды. Жеткіншектермен жастардың денсаулығына, біліміне, құқықтары мен мүмкіндіктеріне инвестиция салу – бұл тұрақты болашаққа инвестиция. Алайда, жеткіншек кезең – бұл жастардың жаңа және бұрын таныс болмаған өмірлік жағдайлармен бетпе-бет келетін, балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңі. Олар денсаулықтарына және әл-ауқаттарына қауіп төндіретін жаңа өмірлік дағдылар мен тәжірибелерді тез үйренулері керек.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жастардың репродуктивті денсаулығы олар үшін арнайы жағдай жасалған кезде жақсы қамтамасыз етіледі. Жастар денсаулығы орталықтары – бұл қол жетімділік, ақ пейілділік және еріктілік қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға арналған кеңестер мен қызметтердің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Біз жасөспірімдерге өте қажет кеңестер мен көмек ала алатын орталықтарды қолдау арқылы біз жастардың дені сау және бақытты ересек болып өсуіне ықпал береміз», – деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Халық қорының атқарушы өкілі Раймбек Сисемалиев.
Болашақта Жастар денсаулығы орталықтарының тұрақты және дәйекті жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ЖДО қызметтерін стандарттау бойынша қосымша жұмыс қажет болады. Жұмысқа барлық ЖДО-тар бойынша консультациялық-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандарттарын құру және оңтайландыру кіреді. Бұл стандарттар пациенттермен қарым-қатынасты басқарудан бастап, жастардың денсаулығы мен әл-ауқатының кең таралған қажеттіліктерін шешуге және Жастар денсаулық орталықтарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге дейінгі көптеген аспектілерді реттейтін болады.
07 қазан 2020 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031