» » Ғалымдар коронавирустың миға деген кері әсерін анықтады

Ғалымдар коронавирустың миға деген кері әсерін анықтады

   Гамбург-Эппендорф Маркус Глатцель университеттік емхана профессорлары коронавирустан көз жұмған науқастардың миына зерттеу жүргізіп, кеселдің адамның жүйке жүйесіне деген әсерін дәлелдеді.
Ғалымдар COVID-19-дан көз жұмған адамдардың миынан вирусты тапқан. Бұл ауру тудырушылардың жүйке жүйесін де зақымдайды дегенді білдіреді. Зерттеушілер орта жасы 76-ны құрайтын қайтыс болған 43 науқастың миына зерттеу жүргізген. Олардың көпшілігі асқынып кеткен созылмалы аурулар мен өкпе қабынуынан көз жұмған сыңайлы.
Мамандар вирус ми мен адамның өзге де ағзаларын байланыстыратын жүйке арқылы таралғанын алға тартады. Сөздерінше, кейбір адамдардың денесінен мидың қызметі бұзылуына алып келетін бірқатар асқыну белгілері анықталған.
Десек те олар SARS-CoV-2-нің жүйке жүйесін тікелей әсер етпейтінін және вирустық энцефалитке алып келмейтінін жеткізді.
10 қазан 2020 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30