» » КАРАНТИН ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН СОЗЫЛУЫ МҮМКІН

КАРАНТИН ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН СОЗЫЛУЫ МҮМКІН

   Нидерланд денсаулық сақтау ұлттық институтының (RIVM) мәліметінше, елде өткен тәулікте 8141 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, – деп жазды ҚазАқпарат.
Ауруханаға жатқызылған науқастар саны 15-тен 1568-ге дейін көбейді, оның 352-і қарқынды терапия бөлімінде ем алып жатыр. Коронавирустан 28 адам қайтыс болды. Осылайша кейінгі аптада Нидерландтағы орташа тәуліктік өлім көрсеткіші – 24. Өкінішке қарай, бұл сан өткен аптамен салыстырғанда жетеуге артық. Коронавирусқа шалдыққандар ең көп анықталған аймақ – Амстердам. 683 адам тіркелген. RIVM институтының вирусологы Яап ван Диссель жергілікті телеарналардың бірінде Нидерланд үкіметі осы аптада енгізген ішінара оқшаулау шарасы 2020 жылдың желтоқсанына дейін созылуы мүмкін екенін хабарлады. «Егер есептеу жүргізетін болсақ, КВИ өсімі ұзаққа созылуы мүмкін, көрсеткіштер де жоғары болады», – дейді вирусолог. «Бұл жағдайдың қаншалықты ұзаққа созылатынын болжауға болады, бірақ биыл желтоқсан айына дейін ұзаруы мүмкін екенін нақты айта аламыз», – деп сенімді айтты Я.Диссель.

19 қазан 2020 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031