» » Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустың өршу қаупі жөнінде ескертті

Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустың өршу қаупі жөнінде ескертті

 Болжамды есептеу бойынша, қарашаның ортасында күніне 200 адам бұл дерттен қайтыс болуы мүмкін.

Ұлыбританияның бас санитарлық дәрігері Крис Уитти халыққа үндеу жасап, сақтануға шақырды. 
Оның айтуынша, апта сайын елде коронавирус жұқтырған адамдар саны екі есе өсіп келеді.  Бұл қарқынмен қазан айының ортасында күн сайын 50 мың науқас тіркеледі. Ғалымдардың болжамды есептеуі бойынша, қарашаның ортасында күніне 200 адам бұл дерттен қайтыс болуы мүмкін. Жуырда ел премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияда індеттің екінші толқыны басталғанын хабарлады.
Қазір ел үкіметі қатаң карантин енгізбеу үшін бар күшін салып жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір Ұлыбританияда 401 122 адам  COVID-19 жұқтырған, 41 877 адам қайтыс болды.






22 қыркүйек 2020 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031