» » Наурызбай Байқадамов: Ауырған адамға ақша да, атақ та көмектесе алмаған жағдайды бастан өткердік

Наурызбай Байқадамов: Ауырған адамға ақша да, атақ та көмектесе алмаған жағдайды бастан өткердік

 Өңірде коронавирус инфекциясымен 3249 адам тіркелді. Анықталған науқастардың эпидемиологиялық ортасы есепке алынып, күнделікті саралануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
Аймақта эпид ахуалдың тұрақты болуына тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтуға екі айлық қор және 210 инфекциялық төсек орын бар. Сондай-ақ, 200 төсекке арналған модульдік аурухана құрылысы жүруде. Бұған қоса, облысымызда 244 ИВЛ аппараттары жұмыс жасауда. Қосымша тағы 7 құрылғы келеді. Бүгінде өңіріміздегі медициналық ұйымдарға гуманитарлық көмек арқылы 658 оттегі концентраторы жеткізілді. Сонымен қатар, облыста 518 оттегімен қамтамасыз етілген төсек орын дайын, – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
Дәрігерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында басқа профильдегі мамандарға арнайы семинарлар өткізілді.
Коронавирус инфекциясына қарсы күресте мамандар тапшылығын жою мақсатында аймағымыз 84 жас маманмен толықты. Олар қажеттілігіне қарай қалалық мекемелерге жолданды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов.
Брифингте Наурызбай Байқадамов індетпен күресте өзін-өзі қорғау инстинкті қалыптаспай нәтиже толыққанды болмайтынын айтты.
Ауырған адамға дәрі де, ақша да, лауазым да, атақ та ара түсе алмай қалған жағдайды бастан өткердік қой. «Індетпен күрес бәрі де жеңіс үшін» деп бірігіп күресетін майдан алаңы. Мені мемлекет немесе біреу қорғасын дегенмен ештеңе шықпайды. Жағдай әлі де күрделі болғанымен біздің жүйелі бақылауымызда. Жұмыс үзіліссіз жалғаса беретін болады. Күшейтілген карантин жеңілдетілгенімен қатаң талаптарды барынша ұстайтын боламыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
22 қазан 2020 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930