» » Руханиятқа толы шаралар өтеді

Руханиятқа толы шаралар өтеді

Биыл Қызылордада «Адал ұл ер боп туса – ел тірегі» атты әкелі-балалы жұптар сайысы, оқушылар арасында «Әкеме хат» шығармалар байқауы ұйымдастырылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов журналистерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жоспарын таныстырды.– Игі бастама әкенің қоғамдағы ролін арттыру, беделін көтеру мақсатында қолға алынып отыр. Нарықтың қиын-қыстау кезеңінде әйел-аналарымыз ала дорба асынып, базарға шығып, ауыртпалық жүгін арқалаған еді. Енді бұл міндетті әкелер мойнына алып, олар отбасы тәрбиесіне оралуы тиіс, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Одан бөлек, «Ұлы дала fest» тақырыбында ұлттық дәстүрлер фестивалін, демалыс орындарында «Көне аспаптар сыр шертеді» жобасын, «Ертегі – тәрбие берудегі ізгілік бастауы» атты ертегі айтушы әжелер байқауын өткізу жоспарланып отыр. «Отандастар» республикалық АҚ және бірнеше облыстың қатысуымен «Алпамыс батыр ізімен...» тақырыбында Өзбекстанға біріккен экспедиция, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның қазақтар тығыз қоныстанған аймақтарына жас жыраулардың шығармашылық іссапары ұйымдастырылады. Ал «Тал бесіктен – жер бесікке дейін» прагматикалық жобасы азаматтардың ысырапшылдық деңгейін төмендетуге бағытталған.
– Хакім Абай айтқан «бекер мал шашпақтан» бас тартуымыз, даңғойлыққа салынуды қоюымыз керек. Бір кісіден «тойдан кейін не қалады?» деп сұрағанымда «оның несін айтасың, тойдан кейін қол сүртетін қағаз бен жас жұбайлардың берешегі қалады» деген еді. Иә, той өтеді, бірақ ақырына терең бойлай бермейміз, – деді Наурызбай Байқадамов.
Спикер бағдарлама шеңберінде былтыр атқарылған жұмысты кеңінен әңгімелеп берді. Ендігі жерде жоспарлы шаралардың санынан гөрі сапасына көңіл бөлу маңызды екенін атап өтті.
20 ақпан 2020 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031