» » Ғалымдар коронавирустың қалай таралатынын көрсетті (ВИДЕО)

Ғалымдар коронавирустың қалай таралатынын көрсетті (ВИДЕО)

Fugaku суперкомпьютерінің көмегімен ғалымдар қорғаныс маскасы болмаған жағдайда вирус бөлшектерінің қалай қозғалатынын модельдеп көрсетті.

Маска – коронавирусты жұқтырудан қорғайтын ең тиімді құрал. Мұны жапон ғалымдары тағы бір рет дәлелдеді, олар медициналық масканы кимей сөйлесіп, ән айтып және жөтелген кезде вирустың қалай таралатынын модельдеді.Коронавирустың таралуы көзге көрінбейді, сондықтан көптеген адам медициналық масканың көмегімен инфекциядан қорғау мәселесіне жеңіл қарайды. COVID-19-дың таралуының қарқындылығын нақты көрсету үшін жапон ғалымдары жаңа технологиялардың көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндіктерін пайдаланды, ол сөйлеген, ән айтқан немесе жөтелген кездегі вирус бөлшектерінің қозғалысын көрсетті.
«Егер біз бүкіл әлемге вирустың қалай таралатынын екенін нақты көрсетсек, онда адамдар оның қауіптілігін елестете алады және  шара қолдану керегі туралы ғылыми тұрғыдан ойлана алады»,—  деп Kobe University & RIKEN профессоры, зерттеушілер тобының жетекшісі Макото Цубокуро өз ойымен бөлісті.
Зерттеу нәтижелері ылғалдылық жоғары болса ұсақ аэрозоль бөлшектерінің саны артатынын көрсетті. Түрлі қорғаныс құралдарын салыстыра отырып, ғалымдар масканы дұрыс қолдансақ, індеттен тиімді қорғана аламыз жеген қорытындыға келді.
Сондай-ақ, ғалымдар әлеуметтік қашықтықты сақтаудың тиімділігін атап өтті. Өйткені тәжірибелері вирустың үлкен бөлшектері  тасымалдаушының жанындағы жақын жерге түсіп, алыс қашықтыққа ауа арқылы берілмейтінін көрсетті.
27 қазан 2020 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031