» » ҒАЛЫМДАР ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖАҢА ƏДІСІН ОЙЛАП ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖАҢА ƏДІСІН ОЙЛАП ТАПТЫ

 Британ ғалымдары ұйықтап жатқан кезде транскраниалды электрлік үдеткішті қосу адамның есте сақтау қабілетін жақсартуы мүмкін екенін болжауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбританиядағы Йорк университетінің ғалымдары адамның жаңа ақпаратты есте сақтауға ұйқының қалай əсер ететінін зерттеп көрді. Зерттеу жұмысының қорытындысы Current Biology журналында жарияланды.Ғалымдар есте сақтау қабілетін дамытудың ұйықтаумен қаншалықты байланысы бар екенін электрлі энцефалограмманың көмегімен анықтап көрді. Олар адам ұйықтап жатқан кезде транскраниалды электрлік үдеткішті қосып қойған жағдайда есте сақтау қабілеті жақсарады деп санайды.
Еріктілердің қатысуымен жасалған зерттеу жұмысы ғалымдардың пікірі дұрыс екенін дəлелдеді. Зерттеу жұмысына қатысушыларға сын есім мен соған байланысты сөздер айтылған. Одан кейін олар ұйықтап жатқан кезде сын есімді қайталап айтқан. Адамдарға қойылған арнайы құрылғы сын есім айтылғанда олардың ойларына сол сын есімге қатысты сөздер түскенін көрсетті. Бұл ұйықтап жатқан кезде қолданылатын құрылғы есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетінін дəлелдейді.
Ғалымдардың бұл жаңалығы оқу барысында есте сақтау қабілетіне байланысты қиындыққа тап болған адамдарға көмектеседі.
09 наурыз 2018 ж. 1 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031