» » ӨСІМДІКТІ ТОПЫРАҚСЫЗ ӨСІРЕМІЗ

ӨСІМДІКТІ ТОПЫРАҚСЫЗ ӨСІРЕМІЗ

Tehnologıa

Үй жағдайында жер қазбай-ақ жыл бойына көкөніс өсіруге болатынын білесіз бе? Мельбурнде орналасқан ВАСЕ биотехникалық стартап аясында дүниеге келген Rotofarm үй бақшасы кез келген көкөністі оңай әрі тез өсіруге көмектеседі.Rotofarm ‒ желдеткішпен біріктірілген үлкен үстел шамынан тұратын, көкөніс көшеттері бекітілген құрал. Бұл құрылғыны іске қосқан кезде баяу қозғалыспен сағатына бір айналым жасайды. Сондай-ақ Rotofarm-да қырыққабат, пияз, жалбыз сынды көкөністер жиынтығы біріктірілген.
Ең қызығы, құрылғыны қолданушылар көкөністің өсу барысын смартфон қосымшасы арқылы бақылай алады. Тіпті су мен қоректік заттардың мөлшерін, өсімдікке жарықтың түсуін де телефон арқылы қадағалауға болады. Әдетте көкөніс бақшасына судың көп қажет екені белгілі, ал Rotofarm құрылғысы суды 95 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияның тағы бір тиімді тұсы, көшеттерге күтім жасау үшін аптасына бес минут уақыт арнасаңыз жеткілікті. Айта кетейік, бұл жоба Indiegogo алаңында сынақтан өтіп, жоғары көрсеткішпен бағаланған.
Ал Эран Зархи мен Элад Бурко ойлап тапқан Terraplanter гидропоникалық құтысы ерекше дизайнмен көз тартады. Өсімдіктерді үй жағдайында топырақсыз өсіруге мүмкіндік беретін құрылғы қатты әрі кеуекті керамикалық материалдан жасалған. Құтыда өсімдіктің тамыр жаюына барлық жағдай жасалған, су өсімдікке біркелкі әрі баяу таралады. Ал құтының беткі қабатындағы 1400 ұяшық өсімдік тамырларын берік ұстап тұрады. Сондай-ақ құтыда тропикалық орманда өсетін өсімдік түрлерін өсіруге болады, сол үшін ауа мен судың қолжетімділігі де қарастырылған.
06 қараша 2020 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930