ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМ ТӘРБИЕСІ

Қыздар арасында кездесетін келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың, ерте жүктіліктің алдын алу, адамгершілік жағынан тәрбиелеу мақсатында өткізілген конференцияға №274 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімшесінің теолог маманы Күнмырза Нұрсұлтан жастармен еркін пікір алмасты.