ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ!

Бұл жиында Академик С.Жиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінде сала мамандары "Діни терроризм мен экстремизм әлемге төнген қауіп" тақырыбында колледж студенттерімен пікірді өрбітті. Жастарды жат ағымнан абай болу турасында "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімше басшысы Н.Күнмырза, Төретам кенті "Жәрімбет" мешітінің бас имамы Д.Құрманбаев, Байқоңыр қалалық прокуратурасының маманы, Қазақстан Ассамблеясы этносаралық қатынастар жөніндегі Байқоңыр қалалық сарапшысы А.Әбдіқаниева және Байқоңыр қалалық архив басшысы Б.Қапанова мәлімет берді. Шара соңында жастар бұл кездесудің өздері үшін маңыздылығын атап өтті.