» » Сақтансақ – сақтайды

Сақтансақ – сақтайды

Әлемді жайлаған індет кезеңінен аман-есен шығу кімнің болса да арманы. Біздің бүгінгі басты тілегіміз де осы. Жалпы бұл індеттің алдын алу жұмыстары қалай жүзеге асады? Екінші толқын алдында аз-кем осы жайында айтсақ.
Ең алдымен ен көшеде бір өзіңіз кетіп бара жатқанда емес, көпшілік орынға барғанда, қоғамдық көлікке мінгенде маска тағуды ұмытпау және мұның аса маңыздылығын сезіну өз өміріңіз үшін пайдалы. Мұнымен қоса антисептик пайдаланып, гигиеналық талаптарды сақтау, қарапайым ғана үй тазалығына мән беру вирусты жұқтырмауға себеп болады. Аса мұқтаждық болмаса көпшілік жерден, жиын-тойдан бас тарту да өз айналаңызда коронавирус тасымалдаушысы болудан қорғайды.
Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас. Көп жағдайда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін. Түшкіру, әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жүрек қағысының, тыныс алудың жиілеуі, ентігу, демігу, т.б. мұның бәрі қазір бей-жай қарайтын белгілер емес. Мамандардың айтуынша, ауру ауа арқылы, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Сондықтан санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор.
Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз. Жиі-жиі ауаны тазартып отырыңыз. Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрын мен ауызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз. Сіз білетін, әдеттегі жайттар сияқты көрінетін осы амалдар – саулығымыздың кепілі.
Кез келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген тәсілдері бар. Нақтырақ айтқанда, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттардың тізімі жасалған. Қандай да бір дерттің емі болатынын ескерсек, бұл күндерден де аман-есен өтіп, вирусты жеңетінімізге сенемін.
Айзат ДҮЙСЕКОВА
04 қараша 2020 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031