» » ДДҰ пандемия төтенше жағдай шеңберінен шығып кеткенін мәлімдеді

ДДҰ пандемия төтенше жағдай шеңберінен шығып кеткенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирусқа байланысты жағдай ушыға түскенін мәлімдеді. 
«Біз денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай кезінде адамдарды қорғауға мән беріп отырмыз. Алайда COVID-19 пандемиясы төтенше жағдай шеңберінен шығып кетті», — деді ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясында.
Ұйым басшысы пандемия өзге инфекциялық аурулармен күресу жұмысына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Гебрейесус COVID-19-қа қарсы вакцинаны «жеке шикізаттық тауар емес, жаһандық игілік» ретінде қарастыру керек деп отыр.
Пандемия әлемді жайлап кетті. 50 миллион адам індет жұқтырып, 1,2 миллион адам қайтыс болды. Әлем бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген науқастар саны көп.
Sputnik Қазақстан
10 қараша 2020 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031