» » COVID-19: соңғы анықталған науқастар – Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданынан

COVID-19: соңғы анықталған науқастар – Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданынан


Kyzylorda-news.kz.
 Қызылорда облысында бүгін, яғни, 9 сәуірдегі 22:55-те анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 8 науқастың екеуі – Қызылорда қаласынан болса, алтауы – Сырдария ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
«Ауру жұқтырған 8 науқастың екеуі – Қызылорда қаласынан, алтауы – Сырдария ауданында тіркелді. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып жатыр. Сырдария ауданында анықталған науқастардың ең жасы – 2002 жылғы қыз бала болса, ең үлкені – 50 жастағы ер адам. Ал, Қызылорда қаласындағы науқастар 1989 және 1992 жылғы ер адамдар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 100 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 52, Сырдарияда – 14, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.
09 сәуір 2020 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031