» » Мұғалімдерді Қазақстандағы билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Мұғалімдерді Қазақстандағы билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Қазақстанда мұғалімдерге көрсетілген қысымды билік өкіліне көрсетілген қысыммен теңестіретін Ресей тәжірибесін қабылдағысы келеді. Парламент сенатының депутаты Динар Нүкетаева қоғамда мұғалім мамандығының қадір-қасиетін көтеретін бірқатар ұсыныс айтты. Ол өз сауалын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады.Нүкетаева мұғалім жалақысының өскеніне қарамастан әлі де білім саласындағы шенеуніктер мен оқушылардың ата-аналары тарапынан қысым көріп келе жатқандығын айтты. Бүгінгі таңдағы мұғалім образы – құқығы тапталған әлсіз адам.
«Ресейде педагогқа қатысты жасалған қысым мен қадір-қасиетін төмендетуді билік өкілдеріне көрсетілген қысыммен теңестіруге ұсыныс жасалып жатыр. Мұндай тәжірибе біздің мұғалімдерге қатысты да қолданылса деген ниет бар», - деп жалғастырды сөзін сенатор.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде бейнекамерасы бар, интернетке қосылған ұялы телефон ұстауға тыйым салынғандығын еске салды.
Еске сала кетсек, Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында орта білім беру мекемелерінде ер мұғалімдердің аз екенін айта келе, педагогикалық мамандықтарға ер азаматтарды тарту үшін жеңілдіктер қарастыруды да сұрады.
17 ақпан 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031