Мектебіммен мақтанамын
Алтын ұя
Осыдан он жыл бұрын Әл Фараби мөлтек ауданында №261 орта мектеп ашылған болатын. Мектептің ашылуында 2008 жылы Қызылорда облысының әкімі болған Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед атамызбен бірге ашылу таспасын (лента) қиған болатынмын. Сол жылы №261 мектептің алғашқы 1 сынып оқушысы болып табалдырығын аттап, міне содан бері он жыл өтіп алғашқы түлегі болып мектеппен қоштасқалы жатырмын. Осы 10 жыл ішінде мектебіміз көптеген жетістіктерге жетіп, биіктерден көрінді. Осы мектептің оқушысы ретінде білікті мұғалімдерінен біліммен қатар жақсы тәрбие алып, сол кісілердің қолдауымен көптеген жеңістерге жеткенімді қуанышпен және мақтанышмен айта аламын. Мектебімнің алдағы уақытта биіктерден көрінетініне сөзсіз сенемін.
Раушан Тобаш,
Серәлі Лапин атындағы
№261 орта мектебінің
11 сынып оқушысы