Жас ақындар жырлайды
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған өлкем, неткен көркем»атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Шараға қалаға қарасты барлық мектептің және Қазалы ауданыны №216 мектеп оқушылары қатысты. Ақындар туған жеріне деген сүйіспеншілігін және еліміздің жетістіктері мен тұтастығы, бірлігі, татулығы туралы өлең оқып,көрермен ықыласына бөленді.
Талантымен дараланып көзге түскен Қазалы ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің 8 сынып оқушысы Төлеш Нұрболат қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал І орынды №2 «Мұрагер» мектебінің 6 сынып оқушысы Ернұр Маханбетжанов иеленсе, ІІ орынды №7 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ғабит Дінмұхаммед пен №15 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Манас Әмірхан еншіледі. ІІІ орынды №11 мектеп-лицейдің оқушылары Шаттық Амангелді, Олжас Азизов пен №101 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Аружан Тілесхан ие болды. Сондай-ақ, басқа да қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйлық табысталды.