БІЛІМДІ ЖАС – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
АҚШ елшілігінің кіші гранттар бағдарламасының қолдауымен, «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма және Қызылөзек, Ақсуат ауылдық округінде «NEET» санатындағы ауылдың маргинал жастарын жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы әлеуетін көтеру» жобасы аясында бірнеше кездесулер өткізіліп, жастарды жетілдіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар насихатталды.
Шарада «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, «Қолжетімді баспана – 2020», «Дипломмен – ауылға», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел»сынды байыпты бағдарламаларға жастардың қатыстыру барысы талқыланды.