» » Қазалыдағы қарымды істер

Қазалыдағы қарымды істер

Қазалы ауданында атқарылған әрбір жұмыс халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруге, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады. Осы мақсатта аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстармен таныстырды. Мәселен, биыл ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,2 млрд. теңгені құраса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 8млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бүгінде 4075 шағын кәсіпкерлік нысананы есепке алынып, онда 8852 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнан бөлек аудан халқының басым бөлігін жұмыспен қамтып отырған «РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытындағы ірі қара санын 1200 басқа ұлғайтуды межеленген. Сонымен қатар «Сыр Маржаны» ЖШС-нің құны 1,2 млрд. теңге құрайтын «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі бастаған делегацияның Иран Ислам Республикасына іссапары кезінде инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Өңірлердің дамуына сүбелі үлес қосатын «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша биыл құны 315 млн. теңге құрайтын 12 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылып кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде.
Он айда атқарылған жұмыстар есебі бойынша ауданда жол жөндеу, жылумен қамту, энергетика, құрылыс, халықты ауыз сумен қамту бағытындағы істері де нәтижелі. Мәселен, Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыс жүргізілсе, Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекеніндегі 5 апаттық жағдайдағы мектеп жөнделіп, Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб ел игілігіне пайдалануға берілген.  Халықты саламатты өмір салтын ұстауға бағытталғанЖанқожа батыр ауылынан жаңа үлгідегі заманауи спорт кешені салынуда. Сонымен қатар, Әйтеке би кентінде 150 төсектік орталық аудандық аурухана Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Келер жылы 600 орындық мәдениет үйі мен аудан әкімінің ғимаратының құрылысын бастауға 400 млн. теңге бөлінбекші. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысын салу жобасы әзірленді. Бүгінде мұнда құрылыс жұмысы қарқынды жүргізіліп, келер жылы ел игілігіне берілмек. Қазалы ауданында көпқабатты тұрғын үй салу тиімді. Өйткені мұнда ауызсу мәселесі шешімін тапқан, ал кәріз жүйесін іске қосу мақсатында «Әйтеке би кентінің су бұру жүйесінің құрылысын салу» жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.
 Қазалы ауданы халқының 26 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде NEET санатына жататын жастардың саны биыл 300-ге азайған. Олардың белсенділігін арттыру, жастар саясатын жандандыру мақсатында  «Жастар. Қоғам. Болашақ» атты тақырыпта арнайы жоба қолға алынған. Аталған жоба ерікті жастарды қоғамдық шараларға қатысуға ынталандырмақ. Оның оңайлы әдісі де қарастырылған. Жобаға қатысушы жастарға арнайы куәлік беріліп, олар фитнес клуб, ішімдік сатылмайтын дәмханалар, «Арман» оқу орталығы, сұлулық салонына баруға 70 пайызға дейін жеңілдікті пайдаланбақ. Ал жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу үшін 325 млн. теңге қаржы қарастырылып, 100 маманға әлеуметтік қолдау көрсетілген.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
13 желтоқсан 2017 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031