» » ЖЫЛДАМ ҒАЛАМТОР – ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

ЖЫЛДАМ ҒАЛАМТОР – ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

 Миллиондаған адам көріп, таңғалған, дегенмен өтірік болып шыққан ақпараттар:
Лондонның үздік мейрамханасы
2017 жылы Батлер TripAdvisor сайтына тіркеліп, ғаламтордың жалған ақпаратқа толы екенін дәлелдеуді мақсат етеді. Ол үшін үйінің артындағы ескі сарайдан мейрамхана ашқанын хабарлап, сайтын ашады. Батлер тағамдарды жеуге болмайтын заттардан жасап, суреттерін салады. Жалған мейрамхана туралы білетін жақын достары жүйелі түрде сайтқа жағымды пікірлер жазып отырады. Тапсырыс беруге хабарласқан қонақтарға Батлер бір жыл бойы орын жоқ екенін айтады. Бұл әдіс мейрамхананың танымалдылығын одан сайын арттырады. Осылайша жарты жылдың ішінде өмірде жоқ мейрамхана Лондондағы үздіктердің көшін бастайды.
Нәтижелі жарнама
«Қытайда көрікті жары ұсқынсыз балалар босанғаны үшін, күйеуі әйелін сотқа берді» деген жаңалық ғаламторды дүр сілкіндірді. Пластикалық ота жасағанын жасырып, тұрмысқа шыққан Хайди Йе осы оқиғадан кейін әлемге танымал болды. Дегенмен бұл бір пластикалық клиниканың кезекті жарнамасы болып шықты.
Болжам
Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткеннен кейін 2000 жылы түсірілген «Симпсондар» мультфильмінің көрінісі ғаламторда тарап кетті. 18 жыл бұрын жарық көрген мультфильмде Трамптың іс-қимылы дәлме-дәл суреттелген. Расында бұл тек фотошоп. Мультфильмнің оқиға желісі бойынша Барт Симпсон 2030 жылды елестетіп, әпкесі Трамптың орынбасары қызметіне тағайындалғанын көреді.
Қолында ұялы-телефон бардың барлығы ғаламторға телміреді. Ал сіз оның не себепті «тор» аталатынын ойлап көрдіңіз бе?
Әсел БЕГМАН
15 наурыз 2018 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930