» » Қазақстан өмір сүруге қолайлы 31 мемлекеттің тізіміне кірді

Қазақстан өмір сүруге қолайлы 31 мемлекеттің тізіміне кірді

 Бағалар Нью-Йорктегі көрсеткіштермен салыстырылған. GOBankingRates порталының сарапшылары өмір сүруге қолайлы 50 елді іріктеп алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
  Сараптама жүргізу үшін тұтынушылардың не сатып алатыны, жылжымайтын мүліктің, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орындарында көрсетілетін қызмет бағасы есепке алынды.
  Үш көшбасшы қатарында Үндістан, Сауд Арабиясы және Пәкістан бар. Өмір сүруге қолайлы мемлекеттер тізімінің ең соңында Венгрия тұр.
Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Украина 6-орында, Грузия 16-орында, Белорусь 27-орында, ал Қазақстан 31-орында тұр.
Порталда Қазақстан әсем табиғатымен ерекшеленетіні, сондай-ақ жалдайтын пәтер бағасы Нью-Йоркпен салыстырғанда 89%, азық-түлік бағасы 72%, жалпы өмір сүру бағасы 66% арзан екені жазылған.

Baq.kz
11 наурыз 2018 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031