» » БОЯЛҒАН ШАШ ҒҰСЫЛҒА КЕДЕРГІ БОЛА МА?

БОЯЛҒАН ШАШ ҒҰСЫЛҒА КЕДЕРГІ БОЛА МА?

Сұрақ-ЖАуап
 
Саламатсыз ба! Шашымды 3 жыл бұрын сары түске боятқанмын. Бірақ ол кезде ғұсылдың қабыл болмайтынын білген жоқпын. Ғұсыл мен дәреттің қабыл болмайтынын жақында естідім. Енді не істеуім керек? Одан бері шашымды талай қидырттым, дегенмен шаштың ұшында әлі бояу қалған. Енді қайта қидырмаймын деп жүрген едім.
М.Юсупова Саламатсыз ба! Шариғатымызда шаш бояуға рұқсат бар. Оған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с):
Расында яхудилер мен христиандар (шаштары мен сақалдарын) боямаған, ал сендер оларға ұқсамаңдар» деп, сақал мен шашты бояуға рұқсат берген хадисы дәлел болады.
Бүгінгі қолданылып жүрген бояулар ертеректе қолданылған қына бояуына ұқсайды. Ол тырнаққа жағылатын бояу (лак) сынды қалың қабатты болмағаны үшін оған тыйым салынбайды, себебі оның астына су тиеді. Сонымен қатар қолданыстағы бояу кейіннен өздігінен кететіні үшін ол адамның жаратылысын түбегейлі өзгертуге жатпайды. Дегенмен қазіргі бояулардың химиялық құрамы зиянсыз емес екенін де ескерген. Тоқетері: боялған шаш ғұсылға кедергі жасамайды. Ол үшін шашты қоюдың қажеті жоқ.
29 наурыз 2018 ж. 1 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930