» » НЕ ІСТЕЙСІЗ?

НЕ ІСТЕЙСІЗ?

 Мынадай қызықты оқиғаны елестетіп көріңізші. Аялдамада үш адам тұр: біреуі – өте кәрі, қатты ауырып тұрған әже, екіншісі – сізге қиын сәтте қолдау берген досыңыз, үшіншісі – арманыңыздағы жігіт немесе қыз. Енді сұрақ: «Сіздің көлігіңізде бір адамға ғана орын бар. Жоғарыда айтылған үш адамның арасынан қайсысын алып кетер едіңіз?». Әрине, біріншіден, ауырып тұрған әжені ауруханаға апарып тастау керек. Бірақ ол әжені сіз бірінші рет көріп тұрсыз, сіз үшін ол мүлде бөтен адам.  Сондықтан өзіңізді бір кезде қиындықтан құтқарып қалған жақын досыңыздың көңілін қимайсыз. Ал үшінші адам сіздің арманыңыздағы жарыңыз, оны келесі рет кездестірмеуіңіз мүмкін.
Бұл моральді-эпикалық диллеманы «Google» компаниясы қызметкерлерін жұмысқа қабылдау кезінде қойған екен. 200 үміткердің арасында бір ғана адам жұмысқа қабылданыпты. Ол өзінің жауабында: «Досымды рульге, алдыңғы орынға ауырып тұрған әжені отырғызатын едім, ал өзім арманымдағы жарыммен қалар едім» деп жауап беріпті.
01 наурыз 2018 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031