» » ЕҢ ҚЫМБАТ ЛЕКЦИЯ

ЕҢ ҚЫМБАТ ЛЕКЦИЯ

 Аудитория студенттерге лық толы. Әдеттегі пенжектің орнына жеңіл жейде киген, қолында шайы бар профессор сыныпқа кіріп, студенттермен амандасты.
– Бүгін бізде өзгеше сабақ болмақ, – деді де, үстелдің үстіне бос шыны ыдысты қойды.
– Достар, мына ыдыс туралы не айтасыздар?
– Оның іші бос.
Профессор үнсіз басын изеді де, сөмкесінен әртүрлі тасы бар қорапты алды. Бос шыны толғанша тастарды салды. Басын көтеріп, аудиторияны көзімен шолып өтті. Одан кейін бір целлофан күрішті салды. Күріш ыдыстың бос қалған орындарын толтырды. Сәл кідіріп, мұғалім ыдысқа қолындағы шайын құйды.
Студенттер аң-таң. Профессордың айтпақ ойын ұқпады.
– Достар, мұнымен сендерге маңызды дүниені көрсеткім келді. Бұл ыдыс біздің өміріміз. Тастар – жанымызға жақын жандар және бақытты сәттеріміз. Ал күріш – өткінші, маңызы жоқ мәселелер. Өмірлеріңді күрішке емес, тасқа толтыруға талпыныңдар және әр тастың қадірін ұғуға тырысыңдар, – деді.
Ұстазының қамқорлығын сезінгендей, студенттердің жүзіне күлкі үйірілді. Арасында біреуі қолын көтеріп:
– Ағай, бәрі түсінікті. Бірақ шайды неге құйдыңыз, – деді.
– Өмірде әртүрлі жағдайды бастан өткереміз. Дегенмен бір сәт кідіріп, арасында өзімізге де көңіл бөлген жөн. Сондықтан бір шыны шай ішіп, сергіп алу артық етпейді, – деп профессор студенттермен бірге күліп алды.
Одан кейін қолындағы шайдың бос ыдысын көрсетіп, «Мына ыдыстың салмағы қанша?» деп сұрады. Аудиториядағылар әртүрлі нұсқаны дауыстап айта бастады.  
Тағы да басын үнсіз изеп, келесі сұрағына көшті.
– Мен бұл ыдысқа су толтырып, бірнеше минут ұстап тұрсам не өзгереді?
Студенттер жарыса ештеңе өзгермейтінін айтуда.
– Ал егер екі сағат бойы ыдысты ұстап тұрсам ше?
– Ол кезде қолыңыз талып кетеді.
– Ал егер күні бойы ұстап тұрсам не өзгереді?
– Қолыңыз ұйып, тіпті қозғалмай қалуы мүмкін, –деді бір студент.
– Мұны болдырмас үшін не істеуім керек?
– Жай ғана ыдысты үстелге қойыңыз.
– Мінеки, – деді мұғалім жоғалтқан затын кенет тауып алғандай қуанып.
– Өмірде орын алатын қиындықтарға да дәл осындай көзқараспен қарау керек. Егер бір мәселені бірнеше минут ойласақ, ол миымыздан шықпай қалады. Ал бірнеше сағат немесе бір күн бойы уайымдасақ, ол толығымен санамызға сіңіп кетеді. Кез келген дүниеге жеңіл қарап, тез арада шешімін табуға талпыну керек, – деп сөзін аяқтады.
Бұл жерде лекцияның құны емес, мағынасы әр балаға қымбат болды.
Әсел БЕГМАН
29 наурыз 2018 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930