» » ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІС КӨШІН БАСТАЙДЫ

ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІС КӨШІН БАСТАЙДЫ


     Елбасы жыл сайынғы жолдауында ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөледі. Өйткені ғылым жаңалығын өндіріске енгізген жағдайда ғана кез келген мемлекет қарыштап алға басады. Осы тұста Елбасы биылғы жолдауында негізгі он басымдықты атап өтті. Цифрлық дәуірден қалмау қажетіне баса назар аударды. Енді цифрлық технологиялар барлық салада көш бастамақ. Осы орайда шыны зауытының да ықпалы зор.
  • Бүгінде бүкіл әлем технологияны дамытуға көшкен. Яғни дүниежүзінде технологиялық төңкеріс болып жатыр. Мұны Елбасы өз жолдауында да айтты. Жаңа технологиялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикалық құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаға жаңа сапа бергенін көріп жүрміз. Сондықтан, цифрлық технологияны қолдану аясын арттырып, жаңа жобаларды өркендету маңызды, әрі кешенді міндет, – деді  "Orda Glass" ЖШС-нің төрағасы Ержан Сағымбаев.
         Оның айтуынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауыты толық іске қосылған, соңғы технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт. Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Кәсіпорын құрылысын Қытай еліндегі шыны өндірісінің көшін бастап тұрған «China Triumph International» компаниясы жүргізуде. Отандық мамандар осылайша, бір жағынан, шыны индустриясы озық елдегі әріптестерінен тың дүниені үйрене алады. Ал алдағы уақытта жергілікті мамандарды тәжірибе алмасу мақсатында шет елде оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, шыны зауыты жұмысын бастағаннан кейін мұнда «Apple», «LG», «Nokia» сынды ірі компаниялардың өнімі – планшет, смартфон және өзге де гаджетке арналған ультра жіңішке шыны өндіріледі. Мұнан бөлек, зауытта микроскоп, дүрбілерге де арнап өнімдер шығару қолға алынбақ. Зауыт жұмысы жүйеленгеннен кейін ғарышқа ұшырылып жатқан зымырандарға қолданылатын әйнек жасау да жоспарланған.
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ


18 қаңтар 2018 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930