» » Артық салмақтың артықшылықтары

Артық салмақтың артықшылықтары

Семіз адамдар өздерін арық адамдарға қарағанда бақыттырақ сезінеді. Бристоль университетінің ғалымдары 37 мен 73 жас аралығындағы 500 мыңнан астам британдықтың мәліметтерін зерттеген. Бұл туралы The Independent жазады.
Мамандар байқағандай, семіз адамдар арық адамдарға қарағанда сабырлы болатыны анықталған.
«Генетикалық тұрғыдан семіз болатындар аса күйбелектенбейтіні анықталды», - дейді медициналық жазбаларға сүйенген олар.
Зерттеушілердің пікірінше, тамақтануын үнемі қадағалауға тырысатындар теріс эмоцияға ерік беруге бейім болады. Ал, өзіне еш шектеу қоймайтындар психологиялық тұрғыдан берік келеді екен.
Алайда дәрігерлер семіздік адамдарға психологиялық тұрғыдан жақсы әсер еткенімен, артық салмақ жүрек ауруларына, жоғары қан қысымы мен диабетке, инсульт алу қаупін де жоғарылататынын айтады.
14 қаңтар 2018 ж. 1 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031