» » ЖАҢСАҚ ПІКІРДЕ ЖҮР ЕКЕНБІЗ

ЖАҢСАҚ ПІКІРДЕ ЖҮР ЕКЕНБІЗ

Буын мен арқаның ауруына жаңбырлы ауа райының еш қатысы жоқ. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінің ғалымдары шығарды. Мамандар 2008-2012 жыл аралығында дәрігерге жүгінген бір жарым миллионнан астам зейнеткердің дерегін зерттеген. Зерттеу қорытындысы BMJ журналына жарияланды. Мамандар бұлтты және шуақты күндері келген емделушілердің талдауын салыстырған. Оларды созылмалы ауруларына, географиялық жағдайына байланысты бөлген. Сөйтсе, зейнет жасындағы адамдар күннің ыстық кезінде де, буындарымыз сырқырайды деген шағыммен дәрігерге көрінген. Бұл көрсеткіш бұлтты күнмен салыстырғанда көп болған. Сондықтан, климаттық жағдайдың мұндай ауруға еш қатысы жоқ болып шықты.
   – Бұл деректерді қай жағынан алып талдасақ та, емделуші ауруы мен ауа райының арасындағы байланысты таба алмадық. Сондықтан арқа мен буын аурулары – климатқа тәуелді емес деген қорытынды шығардық, – деп мәлімдеді зерттеу авторларының бірі, профессор Анупам Джена.
Мамандар бұлтты күн мен буын ауруының арасында ешқандай байланыс табылмаса да, климаттың қатысы болуы мүмкін дегенді де жоққа шығармады. Ол үшін осындай күндері ауруды сезінген емделушілер ауруының деңгейін және ауырлығын анықтап, нақтырақ зерттеу керек.
21 желтоқсан 2017 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031