» » Адам капиталының жаңа сапасы

Адам капиталының жаңа сапасы

Тренинг

     «Bilim Foundation» жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған жоба дайындады. Ол «Адам капиталының жаңа сапасы: мықты денсаулық, озық білім және жастардың заманауи дағдылары» бағдарламасы. Табысқа жеткізетін төлқұжат алты бағыттан тұрады. Олар – денсаулықты сақтау, психикалық саулықты сақтау,  эмоционалды интеллект, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу, қоршаған ортада өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дағдылану. 8 сынып оқушылары арасындағы  осы тренинг №144 мектепте өткізілді. Тренингтің мақсаты – жастардың қоғамда өз қауіпсіздігін қаматамасыз етуін, өзгелермен тіл табыса алуын, өз болашағын жоспарлай алуын қамтамасыз ету.

 Қоғамдық қордың президенті Ерлан Айтмағанбетовтың айтуынша, жоба жасөспірімдер арасында өзекті мәселені шешуге арналған. «Алдағы уақытта бағдарламаны дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқарамыз. Бағдарламаның өзгешелігі ойын түрінде өткізіледі. Балаларға алдына мақсат қоюға, болашақта мамандық тандауға көмектеседі. Балаларды қауіп-қатерден қорғайды», – деді қоғамдық қордың президенті.Бағдарлама аясында жастармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту құралдары, ақпараттық материалдар, осы бағыттағы ұйымдастырушылық, үйлестірушілік, әдістемелік, сарапшылық көмек беретін жаңа технологияларды әзірлеу көзделген.

    – Біздің мектебіміздің педагог-психологы Бақыткүл Болатқызы «Табысқа жеткізетін төлқұжат» сабағын жүргізуде. Сабақ өте қызықты өтеді. Түрлі ойындар ойнатылады, топтық жұмыстар және ситуациялық жағдайлар талқыланады. Біздің болашағымызды ойлап, жастардың мәселісін көтеріп жүрген жандарға алғысымды білдіремін, – дейді №144 мектептің 8 сынып оқушысы Асылзат Муслимова.
 Мөлдір САБЫРЖАН
28 сәуір 2018 ж. 1 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930