» » ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ ІС

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ ІС


         Елбасының «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқындайды. Жүктелген міндеттің ауыр жүгін арқалаған жастар ел тізгінін ұстауға, экономикасын дамытуға, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға мұрындық болуда. Оған облыстық жастар саясаты мәселелерінің атқарып жатқан ілкімді істері дәлел. Мәселен басқарма тарапынан жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. Осы мақсатта жастар саясаты мәселелерінің басшысы Еркебұлан Меңлібаев интернет конференция өткізді. Интернет конференцияға облыстың белсенді жастары қатысса, одан бөлек әлеуметтік желідегі белсенді жастар сауалын жолдап, сол мезетте тиісті жауап алды.
         Статистикалық мәліметке сәйкес, аймақта 192 912 жас тіркелген. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 25 пайызын құрайды. Оның ішінде экономикалық белсендісі 98 500 жасты құраса, жұмыссыздар саны 4500 адам. Ендігі өзекті мәселе аталған жұмыссыз жастарға басқарма тарапынан бағыт-бағдар беріп, жұмыспен қамту өзекті. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықтың себебін анықтауда сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде "Жастардың жұмысқа орналасуына не кедергі" деген сұраққа 9,3 пайызы тәжірибенің жоқтығы десе, 17 пайызы мамандықтың сұранысқа сәйкес келмеуі, 19 пайызы ұсынылған жұмыстың жалақысының аздығы, 39 пайызы жауап беруге қиналған. Жоғарыдағы аталған жұмыссыздықтың себептері мен күресу мақсатында республикада алғаш рет "Қызылорда облысында жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі жол картасы" аймақ басшысының қаулысымен бекітілді. Ондағы мақсат – жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті ұлтжанды азаматты қалыптастыру. Ол үшін әзірленген жол картасы 10 бағыт, 32 нысаналы индикатор енгізіліп, 17 әлеуметтік жоба іске асырылды. Аталған жоба қатарында жұмыссыз, жазасын өтеп шыққан жастарды қоғамға бейімделуін қамтамасыз етуде "Go workinq" әлеуметтік жобасы оқу курсын тегін ұйымдастырады. Сонымен қатар түрлі бағытта спорттық сайыстар, танымал тұлғалармен еркін форматта әңгімелесу, қылмыстың алдын алуда құқық қорғау органдары қызметкерлерімен шаралар дәстүрлі түрде өтуде.
         Жазғы және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда "Жасыл ел", "Жас құрылысшылар" еңбек жасағы мен "Ұлағат ұландары" педагогикалық құрамы жастардың басым бөлігін  жұмыспен қамтыған. Ал мемлекеттік бағдарламаларға тоқталсақ, биыл 16 мыңға жуық жас мемлекеттік бағдарлама мүмкіндігін пайдаланған. Мысалы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 пайызға артқан. Атап айтқанда "Дипломмен ауылға" бағдарламасына 198 маман бір жолғы жәрдемақы алса, 559 маман тұрғын үй алуға немесе салуға жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Ал алдағы жылы жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға 386 маманға 1 405,8 млн. теңге бөлу жоспарлануда.
         Облысымыздан "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасына қатысушы ретінде 28001 адам енгізілсе, оның 12737-і жастар. Олар аталмыш бағдарламаның бағыттары бойынша оқумен жұмыспен қамтылуда.
         – "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының бірінші бағыты яғни қысқа мерзімдік оқу курсына 2641 жас жолданды, ал екінші бағыт "Бастау бизнес" жобасы аясында 937 жасты оқыту межеленген. Бүгінде оқуға жолданған 353 жастың 132-не шағын несие берілді. Үшінші бағыт "Жастар тәжірибесіне" 1483 жас жолданып, оның ішінде 184 жас тұрақты жұмысқа орналасты, – деді облыстық жастар саясаты мәселелерінің басшысы Еркебұлан Қайырбекұлы.
          Аймақта жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына жастар бағдарламалары ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім берудің, денсаулық сақтаудың, үдемелі индустрия­лық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік «Балапан», «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», "Серпін – 2050" сынды бағдарламаның септігі мол. Аталмыш бағдарлама шарапатын көрген жастарға қолдау мұнымен тоқтамайды. Өйткені облыстық жастар басқармасы жастарды жұмыспен қамтуда еңбектене бермек.
28 желтоқсан 2017 ж. 2 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031