» » ЖАНАЙҚАЙ: Баламды қолыма алғым келеді

ЖАНАЙҚАЙ: Баламды қолыма алғым келеді

  Құрметті «Ақмешіт жастары» газетінің редакциясы!
 Сіздермен ішкі сезімімді бөліскім келеді. Мен, Аққенже Жүністаева, Шиелі ауданының тұрғынымын. 2008 жылы Шиелі ауданы Бала би ауылының тұрғыны Данабек Ниязбекұлына тұрмысқа шығып, Әбдіманап есімді ұлымды дүниеге әкелдім. 2012 жылы жолдасым Алматы қаласына қоныс аударып, екінші рет отбасын құрады. Сол жылдары отбасым бұзылып, анамда дүние салады. Осының салдарынан күйзеліске түскендіктен, қайын атам мен әкем екіжақты келісіп, ұлымның өз атасының қолында болуын ұйғарады. Бірақ келісім бойынша анасы ретінде мен емін-еркін араласып, көруіме болатынын айтады. Содан 5 жылда баламды көріп, жағдайын сұрап тұрумен шектелдім. Өйткені қайын атам науқастанып, төсек тартып жатқандықтан, бар жұбанышы менің балам болғандықтан оны алып кете алмадым. 2017 жылы қайын атам қайыс болған соң, баламды қолыма алуға шешім қабылдадым. Бірақ әжесінің бергісі жоқ, қарсылық танытты. Қазір ұлым – 9 жаста. Балама мені жаман деп теріс пікір қалыптастырып қойған. Оған дәлел балам оңаша қалғанда бетімнен сүйіп, құшақтап мауқын басады. Әжесі бар кезінде одан қорыққандықтан болар, мені жақсы көрмейтінін айтады. Қандай бала өз анасын жақсы көрмесін, іштей маған аянышпен қарайды. Әділдікті іздеп, бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Қанша жерден тауым шағылып қайтса да, бұл өмірде әділет бар екеніне сенемін. Сол сезімнің, аналық махаббатымның күшіне сеніп, баламды өз қамқорлығыма алуға күшімді салып жүрмін. Тек әділет орындарынан, халықтан көмек сұрағым келеді. Мен түсінер едім, егер менің ұлымды әкесі өзі тәрбиелеп, оқытып, қатарынан қалдырмай жүрсе, баламды әкесінен айырмайын дер едім. Алайда, әкесі өз отбасымен Алматыда тұрады, ал ұлым әжесінің қолында. Анасы бар бола тұра неге бала әжесінің қолында қалу керек?! Менің тұрақты жұмысым, үйім бар. Баланы қамқорлығыма алуыма еш кедергі жоқ. Тек судья Қ.Бержанов бұрынғы жолдасымның әйелінің тәрбиесінде болсын деп шешім шығарды. Бірақ ұлым әжесі Гүлшат Абайділдәнің қолында жалдамалы құл сияқты өмір сүруде. Қыста отын бұтап, от жақса, көктем мен жазда егістік жұмысына жегіледі, мал бағады. Жазғы демалыста базарда жүгері сатып күнелтеді. Баламның осындай шарасыз күйін көріп, жүрегім сыздайды. Баланың нақ асыр салып, доп қуып, білім алатын шағында күйбің тірліктің тұсауында жүргені жаныма батады. Еңбек еткеннен ешкім жаман болмайды. Дегенмен әр уақыттың өзіндік есте қаларлық қызықты сәттері де болу керек. Балаға анасынан асқан қамқоршы жоғын ескерсеңіздер деймін.

Заңгер не дейді?
Гүлнар Миманова, заңгер:
     – ҚР Консититуциясының «Неке және отбасы» кодексінің 68-бабында ата-аналардың құқықтары  мен міндеттерінің теңдігі белгіленген. Яғни, балаға ата-анасы жағынан берілетін құқық тең. Өзге туыстарынан бөлек, баланың әке-шешесіне бала құқын алуға басымдық беріледі. Баланың пікірін ескере отырып, қамқоршылық, қорғаушылық құқығын медиация көмегімен немесе сот арқылы шешуге болады. Бұл жағдайда бала 9 жаста болғандықтан бала пікірін ескеріп, азаматша бала әкесінен алты жылдан бері бөлек тұратынын алға тартып, талап арыз жазуға құқылы. Білім бөлімінен, медициналық мекемеден баласының жағдайы туралы ақпарат алуына болады. Сондай-ақ аталған кодекстің 74-бабында ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы бар. Дау туындаған жағдайда құзіретті органға жүгініп, баланы өз тәрбиесіне ала алады.
21 маусым 2018 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031