Өзгерісті өзіңнен баста!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерісті өзіңнен баста!» бағдарламасы аясында облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жас қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүр, тіл мен музыка, ұлттық рух бойымызда мәңгі қалуға тиіс делінген. Осы мақсатта Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердің жас қызметкерін патриоттық рухта тәрбиелеу, ұрпақ сабақтастығын насихаттау мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды. Жас қызметкерлер тарихы терең музейде өлкеміздің өнері, тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін 14 залды аралады. Мұражай қызметкері музейдің экспозициялық залы бойынша музей қорындағы құнды экспонат пен музей тарихынан кеңінен мағұлмат берді. Өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғаған рухани мекемеден жас қызметкерлер тамаша әсер алды.