Міндеттер жүктелді
Қызылорда облының Төтенше жағдайлар департаментінде Қызылорда облысының ТЖД бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі А.Д. Төлешевтің төрағалығымен Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелердің 2018 жылдың бірінші жарты жылындағы жедел-қызмет жұмысының қорытындысы мен 2018 жылдың үшінші тоқсанына қойылған міндеттер жөнінде жедел кеңес өткізілді. Кеңеске Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің және ТЖ Комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылық құрамы қатысты.
2018 жылдың бірінші жарты жылындағы жедел-қызмет жұмысының қорытындысы мен 2018 жылдың үшінші тоқсанына қойылған міндеттер жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник С.Ш. Молдақараев баяндама жасады.
Сондай-ақ, Департаменттің бөлімшелерінің және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылары тыңдалды.
Кеңес барысында проблемалық сұрақтар талқыланып, іске асырылуы қысқа мерзімде аяқталуы тиісті жұмыстар жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Қызылорда облысы аумағында 2018 жылдың І жарты жылдығында тіркелген 25 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алған, 2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда -28,6%-ға (2017 ж.-34) төмендеген.
Төтенше жағдайда зардап шеккендердің саны 4,2% - ға (2018 ж.-25, 2017 ж.-24 адам), қаза болғандардың саны 43,8 % -ға (2018 ж.-9, 2017 ж.-16 адам) азайған.
25 төтенше жағдайдың ішінде:
18 техногендік сипаттағы;
7 табиғи сипаттағы төтенше жағдай.
Қабылданған шараларға қарамастан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша су айдындарында 2018 жылдың І жарты жылдығында облыс бойынша 5 адам (2017-9) суда қаза болды, оның ішінде 1-еуі кәмелетке толмаған (2017 - 3) адам. 4 адам құтқарылды (2017-0).
Кеңесті қорытындылай келе, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі А.Д. Төлешев жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту, азаматтық қорғау органдарына халықтың сенім деңгейін арттыру бағытында қызметкерлерге жүктелген міндеттерді орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Қызылорда облысының ТЖДШтабы (топ құқығында)