АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!
«Қазгидромет» РМК Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша Қызылорда облысының кей жерлерінде 9,10, 11 қаңтарда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан секундына екпіні 15-20 метрге жететін жел тұрып, көктайғақ болады. Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы