» » БАЙЛАР МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУІ МҮМКІН

БАЙЛАР МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУІ МҮМКІН

Жуырда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов есептік кездесу барысында байлардың қосымша салық төлеу мәселесіне тоқталып, ұсыныс білдірген еді. Онда мемлекетке 50 мың теңгеден артық қарызы бар азаматтың шетелге шығарылмайтынын айтқан. Өйткені 4 мыңнан астам борышкер қара тізімге ілігіп, мемлекетке тиісті төлем жасамағандар саны – 1,5 миллионға өскен.
Былтырғы қорытынды бойынша, ең бай саналатын 10 пайыз қазақстандықтың жалпы табысы, ең кедей саналатын 10 пайыз халықтың табысынан алты есеге артық болған. Ал жаңадан енгізілетін қосымша салық мұндай келеңсіздікті жоймақ. Ол үшін министр салықты байлардың жалақысынан емес, қымбат дүние-мүлкінен ұстау керегін алға тартты. «Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын елімізде қозғалтқыш көлемі үлкен көліктің салығы көтерілді. Ал қозғалтқыштың көлемі үлкен болса, көліктің бағасы қымбат деген сөз. Демек, ондай адамдардан салықты көп алады. Жер, мүлік пен көлік туралы мәліметтің бәрі ақпараттық базада болғандықтан, оған салық салу қиын емес. Сондықтан байлықтың салығын жалақыдан емес, тіркелген мүліктен алу керек», – деді министр. Мұндай қадамға бару үшін министрлік өзге елдің тәжірибесін зерттеуде. Мәселен, дамыған елде байдың кедейден артық салық төлеуі міндеттелген. Еуропаның бірқатар елінде табысы төмен отбасы мен орта және шағын кәсібі барларға салық салынбайды. Өйткені, мемлекетке байлардың есебінен салық түсіп, оның орнын жабады. Ал Франциядағы бақуатты жандар қымбат автокөлікке, банктегі есепшотқа, басқа да қымбат бұйым үшін салық төлейді екен. Тіпті мұндағы кейбір ауқатты азаматтар салық төлеуден жалтарып, өзге елдің азаматтығына өткен. Оның ішінде танымал актер Жерар Депардье де бар. Ал керісінше, өз елінің патриот азаматы саналатын Билл Гейтс АҚШ миллиардері мен байлар үшін салынатын салықты көтеру қажет деп бастама көтерді. Оның айтуынша, қарапайым тұрғындарға салынатын салық тым жоғары. Ол бүгінге дейін 10 миллиард доллар салық төлеген екен. Елімізде ауқатты азаматтарға қосымша мүлік салығын енгізу, дәулетті қазақстандықтарды табысын жасыруға итермелеуі мүмкін. Тапқан табысының бір бөлігін мемлекетке беруді бақуатты жандардың бәрі бірдей қолдай бермейтіні рас. Осы ретте шетелдіктердің озық тәжірибесін енгізіп, үлгі алу қажет.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
26 шілде 2018 ж. 1 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031