» » » ЕАЭО елдерінен Қазақстанға инвестиция көлемі артты ма

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға инвестиция көлемі артты ма

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициалардың көлемі 5,5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Инвестициялардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығына, саудаға, құрылысқа, байланысқа және өнеркәсіпке бағытталды. Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаражаттары. Ондағы өсу 23,1 пайызды құрады. «2017 жылғы 9 айда Қазақстан 15,7 млрд АҚШ долларынан астам жалпы тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,3 пайызға артық»,-деді министр. Сонымен қатар Т. Сүлейменов ЕАЭО елдерінен келетін тікелей шетелдік инвестициялар 40,8 пайызға жоғарылады (935,1 млн. АҚШ долларына дейін). «Бұл өз кезегінде еліміздің бүкіл ЕАЭО аумағында бизнеске қолайлы жағдай жасайтынының көрсеткіші», - деп түйіндеді сөзін ол.

11 қаңтар 2018 ж. 2 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031