» » Атаңа не істесең, алдыңа сол келер

Атаңа не істесең, алдыңа сол келер


 Ілгеріде бір жігіт үйленіпті. Жалғыз қарт анасы бар екен. Келіншегіне өліп-өшіп тұратын көрінеді. Бірақ келіншегі ақылды еді. Ол «тамақтың тәтті, нанның жұмсақ жерін маған бермеңіз. Сізді тоғыз ай көтерген, әлпештеп өсірген ананызға беріңіз. Бұл – менің қызметім» дейді. Күйеуі оны тыңдамайды. Келіншегіне бар тапқанын тыға береді. Бірде әйелі:
   – Мен сізбен ажырасамын.
  –  Неге?
   – Маған анасын сыйламайтын еркек керек емес. Ертең балалы болсақ, ол баланың да мені сыйламайтынына көзім жетті. Тұқымым көбеймей тұрғанда ажыраймын.
     Осылайша үйден кетіп қалады. Арада зулап күндер мен жылдар өтеді. Қайыр сұрап көшеде отырған кісі жолдағы керуенді байқайды. Керуеннің басында жүзінен нұр тамған кейуананы көреді. Қарияны көрген ақжаулықты ана керуенді тоқтатып, балаларына қайыршыға тамақ беруді тапсырады. Дастарқан басында қайыршыға қарап, «мені таныдыңыз ба» деп сұрайды. Аң-таң болған қарт басын шайқайды. «Мен сіздің баяғыда ажырасып кеткен келіншегіңізбін, сізден кейін иманды, ата-анасын сыйлайтын жігітке тұрмысқа шықтым. Мынау содан тараған ұл-қыздарым. Бәрі әкесіне тартып, мені алақанына салып, құрметтейді. Өзіңіз не істедіңіз? - деп сұрайды. Сізден кейін мен де үйлендім. Ұлдарым өзіме ұқсап қатынжанды болды. Үйге сыйдырмай далаға қуып шықты, – деп жауап қатады.
Бұл бұрын болған оқиға. Десе де кез келген отбасында осы жағдай кездесуде. Жақында қарттар үйінің қасынан жабырқаулы қарт кісіні көрдім. Мектепке көз алмай қарап отыр. Бірде күледі, бірде жылап, жабырқайды. Естуімше, қарт кісі мұнда жиі келеді. Мектепте немерелері оқиды екен. Үлкені 11 сынып бітіріп жатыр екен. Атасы қол бұлғап шақырып еді, келмеді. Жан-жағына жалтақтады. Анадайда анасы тұр екен. Бата алмаған болу керек. Қарттың айтуынша, шаңырақта жалғыз ұлы болған. Жұбайы он жыл бұрын көз жұмған. Жап-жақсы тұрыпты. Үлкен қызметте істепті. Бар жиғанын баласына беріпті. Әдеттегідей, үйленген соң келіншегі мінез көрсетіпті. Әкесіне тамақты бөлек беруді шығарыпты. Ұлы күшік күйеу болып біршама уақыт соның үйінде тұрыпты. Істеген ісінен, сөйлеген сөзінен жас келіннің қарияны жақтырмағаны аңғарылады. Ақыры не керек, үйден қуып жіберіпті. Барар жер, басар тау таппаған жан қарттар үйінен жан сауғалайды емес пе? Ұлы да, немерелері де төбе көрсетпейді. Әрі қарай қинап сөйлесуге бата алмадым. Жүрегім сыздады. Ол кісінің жүзі көз алдымнан кетер емес.
Бір жамағайымыз бар. Ата-анасын үйіне сыйғызбайды. Айқайлап, дөрекі сөйлейді. Ұлы әкем екен, келіні атам екен демейді. Үйіне кісі барса, қабағынан қар жауады. Әттең. Қазақта «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген жақсы сөз бар. Жоғарыдағы келін секілді бәріне бірдей ақыл қайдан бітсін...
Жақсы әйел дәулетіне жөн келтіреді. Қатының долы болса, күнде өлтіреді. Жақсыдан жаман туған бала болса, атаға үйде жатқан сөз келтіреді. Басқа не келтіреді?
Мөлдір САБЫРЖАН
09 тамыз 2018 ж. 2 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031