» » ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ БАҒАСЫ ҚАНША?

ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ БАҒАСЫ ҚАНША?

    Білім және ғылым министрлігі оқушылар жұмыс дәптерлерін қолданбаса да болады деп мәлімдеді. Ал, оны мұғалімнің мәжбүрлеуіне қақысы жоқ. Бірақ, мектеп тегін бермеген соң, жұмыс дәптерлері дефицитке айналып, оның бағасы жылда қымбаттап кетеді.
Ақбота пәндердің тізімін алдын-ала жазып алып, тұңғышына базардан қажетті оқу-құралын іздеп жүр. Өйткені оның толыққанды білім алуын қазірден қалайды. Бірақ жұмыс дәптерлерінің бағасын көріп жағасын ұстады.
Ақбота ЖЕҢІСҚЫЗЫ, қала тұрғыны:
– Мүсіндеу, көркем әдебиет, қарапайым математика, аппликация... Қанша кетті? 7 300! Бір балаға. Әлі тағы үш кітап алуымыз керек. Енді баланың сауатын ашу керек қой. Апайлар талап қылып жатыр, бізге алып беру шарт қой.
Сабақта қосымша құралды пайдалану мектептерде түгел белең алып келеді. Мәселен, сатылым сөрелерінде қаптап тұрған «оқушының жұмыс дәптері» баланың жаңартылған жүйеде білім алуына таптырмас көмекші. Оны сатып алуға ешкім талап қоймау керек. Білім министрлігіндегілердің сөзіне сүйенсек.
Жұмыс дәптерлерінің бағалары бүгінде шарықтап тұр. Айталық, 1-4 сыныптың баласына арналған қазақ тілі, математика дәптерлері 800 теңгеден басталады. 3-4 сыныпқа арналған орыс тілі, дүниетану сабақтарының оқу құралы 500-700 теңге көлемінде. Ал осыған бір үйде бірнеше баласы мектепке баратын отбасыны қоса беріңіз.
Қазақ тілі 1 сынып – 800 теңге
Орыс тілі 3 сынып – 560 теңге
Дүниетану 4 сынып – 700 теңге
Қызықты математика 4 сынып – 820 теңге
Кейбір облыс оқушыларды мұндай дәптерлермен қамтамасыз етуді ертеден қолға алған. Мәселен, Жамбыл облысы өз бюджетінен 2 млрд-тан аса қаражат бөліп, қосымша оқу-құралдарын өздері сатып алып қойыпты.
Мүсілім БӘЙДІБЕК
23 тамыз 2018 ж. 1 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031