Ақмешіт жастары » Қоғам » Актер емес: Мәдина Сәдуақасованың сүйіктісін сомдаған жігіттің кім екені белгілі болды
Актер емес: Мәдина Сәдуақасованың сүйіктісін сомдаған жігіттің кім екені белгілі болды
Мәдина Сәдуақасова қос бірдей бейнебаянында басты рөлді сомдаған азамат Айдос Мұқанов кафеде шай ішіп отырған жерінен журналистердің құрығына түсті. Әнші әнбаяндағы серіктесімен жұмыс бабымен кездескен. Бұл ретте Мәдина көпшіліктің қызығушылығын оятқан актер мен күйеуінің бейнебаянға көзқарасы жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Той думан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. “Екінші бейнебаянды талқылап, сол үшін кездесіп отырмыз. Себебі Айдос енді ғана оралды, әлі екінші бейнебаянды көрген жоқ. Екінші бейнебаянда да басты рөлді Айдос сомдады”, – дейді Мәдина. Сәдуақасованың клипіндегі бұл сымбатты жігіттің өнер әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Қарапайым бухгалтер болып шықты. Түсірілім барысында Мәдина серіктесінің қырсық мінезін байқап, тіпті онымен жұмыс істеуден бас тартпақ болыпты. “Мынаны кимеймін деп айтып жатыр екен. Түсірілім үстінде қиналмаймыз ба? – деді. Мен өзімді еркемін деп жүрсем, менен де өткен еркелер бар екен. – Жо-жоқ, қажет емес, онда сау болсын деп қоям өзімше. Бірақ алып келген костюм бір өлшемге кіші екен. Бұл жердегі қырсықтығы түсінікті екен. Себебі костюм расында оған шақ емес. Мен де ол жерде айтатын едім”, – дейді Мәдина. Сәдуақасованың клипі жаз айында түсірілгенімен, жақында ғана жарыққа шықты. Оған бейнебаянда екі жастың хикаясын баяндаған Фархат Әбдірайымовтің науқастанып қалуы себеп болыпты. “Бейнебаянның түсірілім жұмыстары бітіп, тек қана дыбыс жазу жұмыстары қалған. Сол кезде Фархат ағамыздың денсаулығы сыр беріп, инфаркт алғанын естідік. Жүрегіне ота жасалды. Мен қорқып, уайымдап… Басқа адам даусын сала салса болады деді. Фархат ағамыз аяғына тұрып, өзі студияға барып, даусын жазады. Тек қана сол кезде бейнебаян жарыққа шығады дедім. Себебі қатты қорықтым. Фархат ағамыздың соңғы рөлі менің клипім болмасыншы деп Алладан шипа тіледім.