» » "Оскар" марапатына 20 рет ұсынылған актриса

"Оскар" марапатына 20 рет ұсынылған актриса



Америкалық атақты актриса Мерил Стрип өзінің қандай рөлдері үшін "Оскар" марапатына ұсынылғанын ұмытып қалған. Бұл АҚШ азаматтары сүйіп тамашалайтын Джимми Киммел шоуында белгілі болды. Стрип ханым кинематография саласындағы ең беделді марапатқа жалпы саны 20 рет ұсынылған. Біз жоғарыда атап өткен шоу барысында Киммел актрисадан сол фильмдердің атауларын тізіп беруді сұрады. Мерил Стрип 1 минут ішінде "Француз лейтенатының жары", "Крамер Крамерге қарсы", "Силквуд", "Софидің таңдауы" және "Африкадан тыс" деген фильмдерді ғана есіне түсірді. Тіпті, бірнеше картина атауын қате айтты. Біреуге арман болған атаққа 20 рет ұсынылған талант иесі үшін бұл кешірімді де шығар. Бағдарлама соңында Киммел осы ойынды биылғы "Оскар" марапатын табыстау рәсімінде қайта ойнауды ұсынды. Иә, дәл осы шоумен салтанатты кештің жүргізушісі болады.

12 қаңтар 2018 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031