» » 50-ден астам күй шығарған күйші кім?

50-ден астам күй шығарған күйші кім?

   Қаламыздағы кейбір көшелер атауы осы кезге дейін  орыс тілінде беріліп келді. Соның бірі  ‒ бұрынғы Расков көшесі. Қазір бұл көшенің атауы Әлшекей күйшінің атына берілген. Бүгін Сыр сүлейі атанған тұлғаның өмір тарихына қысқаша шолу жасадық.    
Әлшекей Бектібайұлы ‒ әйгілі күйші. Ол 1847 жылы қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.  Әлшекей күйшілік өнерді нағашы атасы Рүстемнен үйренген. 12 жасынан бастап ел ішінде домбырашы бала атанған ол өсе келе Сыр өңіріне есімі әйгілі күйші болады.  1930 жылы Тәжікстанға көшіп барған Әлшекей 50-ден астам күй шығарған. Ол күйлер И.Өткелбаев, Ж.Нұрмақов сияқты күйшілердің айтуымен кейінгі ұрпаққа жеткен. Әлшекейдің "Тоқырау", "Нарсоққан", "Егес", "Терісқақпай", "Толқын", "Аққу кеткен", "Тепең көк", "Қара жорға", "Адасқан қаз", "Отарба", "Айшамен алты тартыс", "Төтемен тартыс", "Егілген", "Бәйге", "Тай қуу", т.б. ел арасында сақталған күйлері бар. Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Сонымен қоса Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.
ХХ ғасырдың бірінші жартыжылдығында Әлшекей күйші де қазақ басына түскен қиындықтың бірі «халық жауы» деген атқа ілігеді. Кей деректерге сүйенсек, туған жерімен қоштасқан Әлшекейге ата жұртын қайтып көрмепті. Ол ел ішінде тыныштық бермеген соң, алғашқыда Өзбекстанның Жызақ, Самарқанд жағына көшіп барып, кіре тартып күнелтеді. Бірақ «бай-құлақтың тұқымы» деген қауесет бұл жерде де соңынан қалмайды. Содан ізін суыту үшін тағы да жылыстай көшіп, Ауғанстан асып кетуді ойлайды. Жолай Бадының желіне ұрынып, Жұмабек пен Әлеухан деген балалары қайтыс болады. Мұнан әрі Тәжікстанның Шәрбәт ауданына қарасты Яуан (Жауан) қыстағына келіп тұрақтайды. Бұл жерге жеткенде жол азабына шыдамай Әлеухан мен Мұсадан туған екі немересі қатар шетінейді. Бұл кезде оның жасы сексеннен асып, үйде отырып қалған шағы екен. Әлшекей көкірегіне шер байланып, көңіліне сағыныш ұялаған қалпында, 1932 жылы фәни жалғанмен қош айтысады. Күйшінің сүйегі Яуан қыстағының шетіндегі қорымға, қос немересінің жанына жерленген.
20 тамыз 2019 ж. 1 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031