БІЗ

  Он жылдан асты Сыр журналистикасында еңбек етіп келемін. Аға буын әріптестерден үлгі алып, мол тәжірибе жинадық. Қызмет барысында диктафонымызды көтеріп қаншама жиынға бардық. Даулы мәселелердің ортасында қалған тұстар да болды.
Жақында бір сайыстың қорытындысы шу болды. Қатысушылардың бірі талапқа сай келмей отыр десе, енді бір қатыса берсін – басты ойларын ортаға салсын деді. Осы сәтте көпшіліктің арасынан бір қыз сілкініп шығып, «мен журналистпін, әділ өтпесе жазып жіберемін» деп, дауысын жазып алу үшін смартфонын қосып, пікір білдіруші әділ-қазының алдына қойды да, орнына барып жайғасты. Бірнеше рет әділ-қазылардың сөзін бөліп, өз пікірін алға тартты. Өзін журналистпін деп таныстырған кісінің пікірінен соң шудың үстіне шу қосылды. Жиналғандар даурығып, ақыры айқайға ұласып кетті. Қазылар ақылдасуға оңаша шығып кетіп қана басылды. Енді ғана танысқан соң әріптесіме ештеңе дей алмадым. Журналист – шу шығарушы емес, мәселенің дұрыс шешілуін бақылаушы. Қажет болғанда өз пікірін сыпайы, дөп сөзбен жеткізсе жөн еді. Әлгі оқиғада ешкім жаға жыртыспады. Жағдай соған жеткенде әлгі әріптесіміз ортасында төбелесіп жүрер ме еді кім білсін?
Журналистің әдебі, этикасы деген сабақтарды теориялық тұрғыдан меңгердік. Өмірде де, қызметте де білімді бойымыздағы ата-анамыз берген тәрбиемен ұштастырдық. Шамамыз жетіп тұрса да, есігін теуіп кірген емеспіз. Әдептен озбадық. Ешкімнің алдын кесе өтпедік. Жөнсіз сөзін бөлмедік. Он жыл бойы мен білетін журналист ол − халықтың тілеуқоры. Билік пен халық арасына от жағып, дау туғызушы емес, керісінше мәселені орынды жеткізіп, шешілуіне ықпал ететін жан. Сыр журналистикасы − үлкен мектеп. Онда білмегенді шетке ысырып, білетінді басына шығармайды. Әркім өз абырой беделін еңбегімен, көркем мінезімен жинап жүр. Бұл әлемде «крутой көкесінің» немесе «пәленшенің қызы» деген тіреумен жүрмейді. Журналистің шамасын жазған шимайына қарап бағамдап, ортада айтқан ойы мен сөйлеген сөзінен-ақ саралайды.
Жақында бір мектеп директоры хабарласты. «Гүлбану, бір әріптесің бізді бопсалап жатыр. Ақша бермесек, сайтқа жарияламақ екен» дейді. Директордың жаны шүберекке түюлі. Дереу әріптестеріме хабарласып, білгенім: ол сайтта ондай журналист мүлде қызмет жасамайды екен. Ал әлгі адам телефонмен басшыларды бопсалап, ақша сұрауды әдетке айналдырған. Мұны естіп, директорға не айтарымды білмедім. «Ол журналист алаяқ адам екен» десем таяқтың бір ұшы өзімізге келіп тиеді. Ұяттан өртеніп тұрсам да, қайта қоңырау соғып: «сіз айтқан сайтта ондай адам қызмет істемейді. Сондықтан телефон арқылы ақпарат бермеңіз. Алдыңызға келсін» деп кеңес бердім. Кейін білгенім, ол журналист кездесуге келмепті. Замандасымыздың құлқын қызметінен жоғары қойып, журналист кәсібіне кір келтіріп жүргені ұят-ақ. Жазар таусылып, айтарға сөз қалмаса да әдептен озып, бізді жерге қаратты. Әңгіменің басында арқау еткен әріптесіміз журналистика мамандығын меңгермегенін кейін білдік. Өз мамандығын оңдырмаған соң журналистикада адасып қана қоймай, араздық тудырып жүргенін қайтерсіз.
Қай сала болса да «біз» деген қағиданы ұстануымыз қажет. Әрине бұл да заңдылық шығар. Дегенмен әріптестер бір-бірінің көзқарасын сыйлап, қызметіне адалдық таныту қажет. Қызметке, кәсіпке деген адалдық басты орында болуы шарт. Бойына адамдықтың асыл қасиетін жинаған жан ғана кәсібіне кір келтірмес. Әрқайсысы «Мен!» деп кеуде соғып, тек қара басының қамын күйіттеп кетсе, қарашаның шер мұңын кім тарқатады? Қағажу көрген жанның қолтығынан демеп, қолдау білдіретін кім? Бұқараның мәселесін билікке дұрыс жеткізу кімге жүктеледі? Кім кеудесін соғып, «мен журналистпін, блогермін» десе де адамның азаматтығы, адамгершілігі басты орында қалу қажет.
Гүлбану МАҚАЖАН
07 қыркүйек 2019 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031