» » ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПТІ ЖАНДАНДЫРАМЫН

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПТІ ЖАНДАНДЫРАМЫН

  Нұргүл ҒАБИДЕНҚЫЗЫ:

           "Баламды қандай балабақшаға берсем болады" деген сауал бүгінде ата-ана үшін өзекті мәселеге айналды. Себебі балабақша таңдау оңай емес. Бірі уақытына қараса, енді бірі тәрбиешінің білімін назарға алады. Сондай-ақ ата-ананың да талабы жоғары. Бұрынғыдай "еті сенікі, сүйегі менікі" деген түсінік жоқ.
            Қазалылық Нұргүл Ғабиденқызы былтыр жеке балабақша ашты. Жеке кәсіпкердің балабақшасында 50-ге жуық бала бар. Олар екі топқа бөлінген. Бірі 1-3 жас аралығында болса, енді бірі 3-6 жас аралығын қамтылды.   Оның айтуынша, ата-анамен тіл табысу оңай емес. "Бәйт" балабақшасының өз жұмысын бастағанына бір жыл болды. Бүгінде 12  адамды жұмысқа алған балабақшада екі тәрбиеші және көмекшілер бар. Алғашында "Бизнес Бастау" курсынан өткен жас кәсіпкер жеңілдетілген пайызбен несие алуға шешім қабылдайды. Осылайша "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы арқылы 3 млн. теңге несиеге қол жеткізеді.
– Балабақша ашуды көптен бері жоспарлап жүрген едім. "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы арқылы бұл жоспарымды жүзеге асырдым. Отбасылық кәсіп болғандықтан балабақшаға әжеміздің есімін беруді жөн санадық. Біздің басты мақсатымыз – балаларды білім нәрімен сусындандыру. Осыны жүзеге асыру үшін 12 қызметкер бірлесе жұмыс істеуде. Қызметкерлердің білімі мен біліктілігін  басты назарға қоямыз. Сонымен қатар отбасылық кәсіпті жандандырамыз, –  дейді жас кәсіпкер бізбен әңгімесінде.
Балабақшаның ішінде балаларға қажетті заттың бәрі бар. Безендіруі де көздің жауын алады. Ал енді есік алдындағы бақшаның әңгімесі бір бөлек. Онда алма, алмұрт, өрік бәрі бар. "Бұл жемістен қысты күні  балалар ішетін кампот дайындалады. Осылайша жеміс-жидектен сусынды өзіміз әзірлейміз" – дейді ол. Иә, балабақшада балалардың тағамы басты назарға алынады. Себебі олардың дұрыс тамақтану мен пайдалы тағам жеуі балабақша мамандарының басты қадағалауындағы нәрсе.
Айта кетейік, ауданда биыл 2300 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның 2084-і жұмыс істеп тұр. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы арқылы 4 кәсіпкер 195 млн. теңге несие алды. Сонымен қатар аталған бағдарламаның гранттарын беру бағдарламасы бойынша 7 кәсіпкер 2 млн. 700 мың теңге несие қаражатына қол жеткізді.  "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021" жылдарға арналған бағдарламасы аясында ауданда 60 кәсіпкер 240 млн. теңге несие қаражатын алып, жұмыс істеуде. Ал "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы арқылы 40 кәсіпкер 100 млн. несиемен кәсіп көзін тапты.  Аудандағы кәсіпкердің көп бөлігі егін шаруашылығы, жолаушы тасымалымен жұмыс істеуде. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласының 30 пайызын жастар құрайды.
Мөлдір САБЫРЖАН
17 қыркүйек 2019 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031