» » 220 отбасыға баспана қалай берілді?

220 отбасыға баспана қалай берілді?

   Қала күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі қатысып, қала тұрғындарын құттықтады.
Пайдалануға берілген 320 орынға арналған «Ханшайым ана» балабақшасы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. 3 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 6640 шаршы метр. Құны 874,6 млн теңге. Заманауи үлгіде салынған балабақша 16 топқа арналған, әр топта 20 баладан тәрбиеленеді. Аймақ басшысы өз сөзінде «Өскелең ұрпаққа салынған инвестиция – жарқын болашақтың кепілі», – деді. Бұл мақсатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы үлкен рөл атқаруда. Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақшаның үлесі 72 пайызды құрайды.
Тыл және ауған соғысының ардагері мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және 2 топ мүгедектеріне пәтер кілті табысталды. Соңғы жылдары қаламызда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Сонымен қатар осы жылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылған.
Сондай-ақ бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Есепті мерзімде жалпы ауданы 179 мың 868 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан.
04 қазан 2019 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031