» » ҚЫЗЫЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТІСПЕЙДІ

ҚЫЗЫЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТІСПЕЙДІ

Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасы облыс орталығында арнайы оқу-жаттығу өткізді. Жаттығу сценарий бойынша «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің хлор сақтау қоймасында апатты жағдай болды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.    Салдарынан химиялық ерітінділер нысан сыртына төгіліп, аумақтағы тұрғындар мен іргелес мектептің оқушыларына радиациялық қауіп төнді. Төтенше жағдай қызметі дереу білім беру мекемесіндегілерді қауіпсіз жерге көшіруге кірісті. Құтқарушылар мен мектеп ұжымы бірлесе қимылдап, 15 минутта оқушыларды химиялық сілті жайылған атмосфералық ортадан оқшаулап үлгерді. Жоғарғы қабатта қалып қойғандар автосаты арқылы сыртқа шығарылды.
    Құтқару барысында қала мектептерінде жеке қорғаныс құралдарының жетіспейтіні мәлім болды.
    – Мектептің техникалық жабдықтары төтенше жағдай кезінде автоматты өрт сөндіру қондырғыларының жарамды күйдегі жағдайы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылық мерзімі тексерілді. Қала әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес  мұндай шара белгіленген мерзімде әр орта мектеп, білім беру мекемелерінде ұйымдастырылып жатыр,– дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бейбітхан Спанов.  
27 қаңтар 2018 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031