"Жалақыңыздың 1%-і ұсталады": тұрғындарға келіп жатқан СМС түсіндірілді
Birgemiz қоғамдық қорының басшысы бюджеттік ұйым қызметкерлерінен ақша алынбайтынын жеткізді. Қор мұндай хабарлама таратпаған
Birgemiz қоры мемлекеттік қызметшілердің жалақысынан ақша ұсталады деген қауесетті жоққа шығарды.
Журналист Жамиля Маричева өзіне қорға жалақыдан ақша алынады деген хабарлама келгенін айтты.
"#bizbirgemiz компаниясы аясында жалақыңыздың 1%-і ұсталады", - деп жазылған хабарламада. Белгісіз сайтқа сілтеме жасалған.
Birgemiz қоғамдық қорында бюджеттік ұйым қызметкерлерінің ақшасы алынады деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Біз мұндай хабарлама таратқан жоқпыз", - делінген қордың ресми мәлімдемесінде.
Birgemiz қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, бюджеттік ұйым қызметкерлерінен ақша алу қор жұмысының мақсатына қарама-қайшы. Өйткені адам бұл қорға қаражатты өз еркімен беруі тиіс.
Еске сала кетсек, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі бар қазақстандықтарды қиын кезеңде мемлекетке қолдау көрсетуге шақырған болатын.
Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып ірі бизнесмендер қолдады.