ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2018 жылғы 14 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған.
Арал ауданы бойынша: аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйінің ғимараттары.
Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараттары.
Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі ғимараттары.
Жалағаш ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық емхана, №202 орта мекптің ғимараттары.
Сырдария ауданы бойынша: Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептердің ғимараттары.Шиелі ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, мемлекеттік кірістер басқармасы, теміржол вокзалы ғимараттары.
Жаңақорған ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттары.
Қызылорда қаласы бойынша: Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері, «Жаңа базар» базары ғимараттары.
Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.